Елордалық құтқарушылар екі баланы құтқарып қалды. Олар 10-қабаттың балконында ойнап отырған. Үлкендердің қарауынсыз қалған. Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне хабар түскен бойда мамандар оқиға орнына жетеді. Жедел әрі үйлесімді әрекет етіп, автосаты арқылы балаларды қатерден сақтап қалған. Еске салсақ, соңғы қайғылы оқиға 3 күн бұрын көпқабатты үйдің 8-қабатының терезесінен 4 жасар бала құлап, мерт болған еді.
Нысаналы Ығыл