Ashyq: Бір тәулікте 2000-ға жуық адам қызыл статусы бола тұра ереже бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ashyq: Бір тәулікте 2000-ға жуық адам қызыл статусы бола тұра ереже бұзған

05.08.2021

Қызыл статусы бола тұра карантин талаптарын бұзғандар азаяр емес. Бір тәулікте ереже сақтамай, өзін оқшауламай көше кезгендер саны 2000-ға жуықтаған. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. Оның сөзінше, Ashyq бағдарламасына қатысушылар саны 4 есеге артып, 88570-ке жеткен. Бұрын бағдарламаға тек тамақтану орындары қатысса, қазір 700-ден астам ірі сауда орындары мен жабық базарлар осы жоба аясында жұмыс істеп тұр. Әсіресе, ірі сауда орындарында қызыл статусы барлар жиі анықталатын көрінеді. Бір айдың ішінде бұл көрсеткіш 10 есеге артқан. Палата өкілі әркім өз статусын үйден шықпай-ақ тексеруге болатынын ескертті. Күніне 400 мыңнан астам адам бұл мүмкіндікті пайдаланып отыр. Жоба аясында бір күнде қызыл мәртебесі бар 8 мыңға жуық адам тіркеледі екен.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу