СҚО-да 500 жүкті әйел коронавирусқа шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да 500 жүкті әйел коронавирусқа шалдыққан

05.08.2021

Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 500 жүкті әйел коронавирусқа шалдыққан. Қазір 20 келіншек дәрігерлер бақылауында.

Емделіп жатқан әйелдердің үшеуі өзі босанса, екеуінің өмірін сақтап қалу үшін кесар тілігін жасауға тура келген. Салмағы 770 грамм болып туған шақалақ шетінеп кетті. Соңғы үш аптада қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны 4,5 есе өсті. 100-ден астам адамның жағдайы ауыр.

Нұрлан Айманов, Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:
Ауырғандардың 80 %-ында «Дельта» штамының белгілері бар. Ауру өте жедел дамиды. Инфекциялық стационарларға түсіп жатқандармен әңгімелескен уақытта олар қоғамдық демалыс орындары мен тойларда болғанын айтып жатыр. Көпшілікті сақтық шараларын ұстануға шақырамын. Әзірге медициналық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жағдай осылай жалғасатын болса жоспарлы госпитализацияны уақытша тоқтатуға тура келеді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу