Балқаш көлі Арал теңізінің тағдырын қайталамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш көлі Арал теңізінің тағдырын қайталамайды

09.08.2021

Балқаш көлі Арал теңізінің тағдырын қайталамайды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен ғылыми конференцияда айтылды.

Мамандар Іле-Балқаш өңірінің зерттеу нәтижелерін үш кезеңге бөліп отыр. 1971 мен 1990 жылдардың арасында көлдің тартылуы байқалса, 1991 жылдан 2019 жылға дейін салыстырмалы түрде су жеткілікті болған. Десе де, соңғы жылдары көл деңгейінің төмендеуін байқаған ғалымдар бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Дөңгелек үстелге қатысушылар суармалы алқаптарға пайдаланатын ресурстарды үнемдейтін технология енгізуді және мемлекеттік мониторинг жүргізу мәселелерін талқылады.Мәселен, Балқашқа құятын негізгі Іле өзенінің 80 процент суы Қытай аумағында қалыптасады. Сондықтан көрші елмен экологиялық жағдайды нығайту бойынша бірнеше келіссөз жүргізілуде. Бұл күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі дейді мамандар.

Саят Әлімқұлов, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Екі елде де, әрине , суды пайдалануда тиімсіздіктер бар. Дәл қазір кезек күттірмейтін мәселе. Осыған күш салып, суды үнемдеу.  Тағы ең үлкен мәселе Балқаш бұл аймақтық үнемі қадағалауда, үнемі мониторинг,  үнемі ғылыми бақылауда ұстайтын нәрсе.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу