Атырауда есірткі сатпақ болған қос полицейге үкім шықты. Екеуі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тәртіп сақшылары күдіктінің ісінен Алматыда бір килограмм марихуананың құны 160 мың теңге екенін біліп алады. Көлеңкелі нарықта оның құны бірнеше есе қымбат. Сөйтіп, осы соманы сатушыға терминал арқылы аударған. Кейін, есірткіні мотоцикл дөңгелегіне тыққан тәртіп сақшылары «Атырау–Доссор» тас жолында ұсталды.
Жандос Темірғали