Маңғыстау облысында 27 жастағы тұрғын коронавирусқа қарсы екпе салғызып, 2 бөлмелі пәтер ұтып алды.
Қайрат Қосаев Маңғыстауға Түрікменстан елінен қоныс аударған. Баспанасы болмағандықтан, нағашыларының үйінде тұрып жатыр. Сату агенті боп жұмыс істейтін жігіт қауіпті індеттен қорғану үшін вакцина алған. Облыста «Екпе ал да пәтер ұт» акциясы 1 ай бойы жүргізілді. Оған 10 мың адам қатысқан. Жалпы аймақта вакцинаның бірінші компонентін 112 мыңнан астам адам салдырды.
Қайрат Қосаев, Мұнайлы ауданының тұрғыны:
Көпшілікпен жұмыс жасайтын болғасын өз еркіммен клиниға екпе салдыртуға келдім. Ойын ойнатылып жатқанын көзіммен көріп, бағымды сынап көрейінші деп мен де қатыстым Ұтып, шынайы екеніне көзім жетіп жатыр. Қуаныштымын.
Әлеуметтік желіде Ақтаудағы нөмірі 1-ші емханада вакцина алуға кезекке таласқан тұрғындардың бейнежазбасы тараған еді. Жауаптылардың айтуынща,сол күні аталған медициналық ұйымда 600 адам екпе а лған.
Нұрбол Оқуов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Ауданнан келгендер бар боп шықты, Жаңаөзеннен келгендер бар боп шықты шаруаларымен келгенде мүмкіндікті пайдаланып, сол емханадан алғанды жөн деп санайды.
Аягөз Оралбайқызы