Қазақстанға Қытай вакцинасының 1 млн дозасы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Қытай вакцинасының 1 млн дозасы жеткізілді

10.08.2021

Еліміз Қытайдың «Sinopharm» компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы тағы бір екпенің 4 миллион дозасын сатып алған. Бүгін Алматыға соның алғашқы партиясы жеткізілді. Вакцина Бейжің биологиялық өнімдер институтында әзірленген. Алғашқы 1 миллион доза арнайы жапсырма жабыстырылғаннан кейін өңірлерге жіберіледі. Қытай екпесін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 7 -ші мамырда мақұлдаған. Вакцина инактивті және екі дозалы. 45 елде ересектерге салуға рұқсат берілген. Атап өтерлігі, бұл екпе- Қазақстанда тіркелген бесінші вакцина.

Шолпан Әділбекова, «СҚ-Фармация» ЖШС Алматы қаласы бойынша жауапты менеджері:
«Sinopharm» -ның ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді. +2, +8 градуста сақталады және тасымалданады. Бұл - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қауіпсіз және тиімді деп бағалаған алғашқы Қытай препараты. Жақын арада жер-жердегі емханаларға жеткізуді бастайды. Кез келген тұрғын осы вакцинаны салдырса болады.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу