Эпидахуал әлі де күрделі. Қазір еліміздің барлық өңірі қайтадан «қызыл» аймаққа кірді.
Ал, кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 154 науқас қайтыс болды. Күн сайын вирус жұқтырғандар саны да артып жатыр. Бір тәулікте 7 657 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 588 адам шалдыққан. 112 мыңдай тұрғын ем алып жатыр, 2 мыңға жуығы ауыр жағдайда. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 879 мыңнан асты.