Қазақстанға 134 мың тоннадан астам қант жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға 134 мың тоннадан астам қант жеткізіледі

12.08.2021

Елімізге 134 мың тоннадан астам қант жеткізіледі. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова мәлемдеді. Жеңілдікпен жеткізілетін қант көлемі бағаның негізсіз өсуіне жол бермейді. Өндірушілердің жұмысын тұрақтандыруға да мүмкіндік береді. Айта кетейік, биыл 15 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында Еуразиялық экономикалық Одақ елдерінен қант пен қант құрағын баж салығынсыз алып келуге квота бекітілген. Қазақстан үшін квота көлемі – 134,4 тонна.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу