Кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 129 науқас қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 129 науқас қайтыс болды

12.08.2021

Елдегі эпидахуал әлі де күрделі. 16 өңір қауіпті деңгейде тұр. Кеше ғана «қызыл» аймаққа кірген Түркістан облысы қайтадан «сары» аймаққа ауысты. Алайда, республика бойынша жағдай тұрақталды деуге келмейді.

Ал, кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 129 науқас қайтыс болды. Күн сайын вирус жұқтырғандар саны да артып жатыр. Бір тәулікте 7 747 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 427 адам шалдыққан. 113 мыңдай тұрғын ем алып жатыр, 2 мыңға жуығы ауыр жағдайда. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 939 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу