Бургер орталығының ашылуына қатысқан әнші Бүркіт жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бургер орталығының ашылуына қатысқан әнші Бүркіт жазаланды

12.08.2021

Алматыда карантиндік шектеулерге қарамай бургер орталығының ашылуына қатысқан белгілі әнші Бүркіт жазаланды.

Оған әкімшілік хаттама толтырылып, 87500 теңге айыппұл салынды. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қонақ үй аумағында өткен жиынға байланысты тексеру әлі де жүріп жатқанын айтты. Әлі де бірнеше азамат жазалануы мүмкін. Айта кетейін, 8 тамызда карантиндік шектеуді елемеген бір топ танымал азамат бургер орталығының ашылуына қатысқан. Бұған дейін шара ұйымдастырушы, қонақүйдің менеджері, әнші Луина мен оның күйеуіне айыппұл салынған болатын.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу