Ақтөбе тұрғындары коронавирустан мысыққа арналған дәрімен емделмек болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе тұрғындары коронавирустан мысыққа арналған дәрімен емделмек болған

13.08.2021

Өзін өзі емдемек болып, өлім құша жаздады. Ақтөбеде коронавирустан мысыққа арналған дәрінің көмегімен емделген тұрғындар опық жеп қалды. Соңғы кездері шаһардағы жан-жануарларға арналған дәріханалардан «Ивермек» препараты көптен сатылып жатқаны байқалған. Тұрғындар түрлі қауесеттерге сеніп, үйде емделмек болған. Салдарынан көбінің ауруы асқынып кеткен. Дәрігерлер қазір емдеумекемелеріндегі науқастардың80 пайызы мамандарды шақырмай, өз беттерінше емделмек болғанын айтады.

Тұрғындардың ғаламтордағы түрлі қауесеттерге сеніп, жануарларға арналған дәріханаларды жағалағаны белгілі болып отыр. Мамандар «Ивермек» препаратының адам денсаулығына өте зиян екенін айтады. Яғни, оны коронавирусқа қарсы дәрі ретінде қолдануға мүлдем болмайды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу