Бір тәулікте 7 798 адамның індет жұқтырғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте 7 798 адамның індет жұқтырғаны анықталды

13.08.2021

Елдегі эпидахуал әлі де күрделі. Қазір 16 өңір қауіпті деңгейде тұр. Тек Түркістан облысы ғана «сары» аймақта. Сондықтан, республика бойынша жағдай тұрақталды деуге келмейді.

Мәселен, кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 127 науқас қайтыс болды. Күн сайын вирус жұқтырғандар саны да артып жатыр. Бір тәулікте 7 798 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 406 адам шалдыққан. 115 мыңдай тұрғын ем алып жатыр, 2 мыңға жуығы ауыр жағдайда. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 6 млн-ға жуықтады.


Хабарламаларға жазылу