Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері арнайы қаулыға қол қойды. Коронавирусқа қарсы Қытай екпесі екі компоненттен тұрады. Алғашқы дозасын алған адам 21-28 күннен соң екіншісін салдырады.
Vero Cell вакцинасы 18 жастан асқандарға салынады. Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері арнайы қаулыға қол қойды. Коронавирусқа қарсы Қытай екпесі екі компоненттен тұрады. Алғашқы дозасын алған адам 21-28 күннен соң екіншісін салдырады. Ескере кететін жәйт, аталған вакцина аллергиясы бар, бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі ауруна шалдыққан адамдарға салынбайды. Сондай ақ, аяғы ауыр әйелдер мен 18 жасқа толмаған балалар бұл екпені ала алмайды. Ал, өзге созылмалы аурулары бар адамдарға екпе сақтықпен егіледі. Вакинаны алғанда бас ауруы, тез шаршау, жөтел, ентігу, қышыну, диарея сиқты кері әсерлердің болуы қалыпты жағдай,- делінген қаулыда. Еске салайық, Қазақстан Қытайдың Синофарм компаниясы өндірген Vero Cell вакцинасының 4 млн дозасын сатып алды. 3 күн бұрын оның алғашқы партиясы елге жеткізілген болатын.
Армангүл Тоқтамұрат