Кеше бір күнде пневмониядан 25 науқас қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеше бір күнде пневмониядан 25 науқас қайтыс болды

16.08.2021

Елдегі эпидахуал әлі де күрделі. Қазір 16 өңір қауіпті деңгейде тұр. Тек Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта. Сондықтан, республика бойынша жағдай тұрақталды деуге келмейді.

Мәселен, кеше бір күнде вирустық белгілері бар пневмониядан 25 науқас қайтыс болды. Күн сайын вирус жұқтырғандар саны да артып жатыр. Бір тәулікте 7 217 адам індетке шалдыққан. Вирустық белгілері бар пневмония 98 адамнан анықталды. Қазір 119 мыңдай тұрғын ем алып жатыр, 2 мыңға жуығы ауыр жағдайда. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 6 млн-нан асты.


Хабарламаларға жазылу