Қытайдың Sinopharm вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Sinopharm вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді

16.08.2021

Қытайдың «Sinopharm» компаниясы өндірген Vero Cell вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Екпе емханалар мен оларға бекітілген сауда орталықтарына бөлінеді. Денсаулық сақтау басқармасы қиындық туғызбау үші екі компонентті бір жерден алуға шақырып отыр. Қазір елордада вакцинаның үш түрі бар. Отандық «QazVac», ресейлік «Спутник» және Vero Cell екпесі. Қытай вакцинасының 1 милллион дозасы елге 10 тамыз күні жеткізілген. Жалпы Синофарм компаниясымен 4 миллион вакцина алуға келісім бар.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу