Бір топ сенатор Арысқа арнайы барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір топ сенатор Арысқа арнайы барды

26.06.2019

Қаланың, халықтың хал-ахуалымен танысты. Мұхтар Құл-Мұхаммед, Әли Бектаев, Асқар Бейсенбаев алдымен Ордабасы ауданы, Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы орта мектепте орналасқан штабқа соғып, жағдайға қанықты. Сенаторлар төтенше жағдай аймағында тынбай жұмыс істеп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Штаб жұмысына жоғары баға берді. Қазіргі кезде халықты үрейлендіретін, жалған ақпарат көп тарауда. Осы орайда, журналистер қауымынан шынайы ақпарат таратуларыңызды сұраймын», деді Мұқтар Құл-Мұхаммед.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, Сенат депутаты:

Балалар әлі табылмай жатыр екен деген ақпарат тарауда. Ол жалған. Барлық бала ата анасымен қауышты. Мал екеш мал да бір жерге жиналып бір адам бағып жатыр.

Хабарламаларға жазылу