Екпе салдырған кезде жасанды антидене түзіліп, ағзаның қорғаныш қабілеті күшейеді.Сондай-ақ мамандардың пікірінше, қауіпті дерт балалар арасында күрт көбейген,сол себепті оларға да екпе салудың уақыты келді.
Гүлнәр Әбдірахманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:Егер 2020 жылы бізде 250 бала короновируспен ауырса, биылғы тек 7 айда 1802 бала дертке шалдықты. Көбейіп барады. Елімізде 12-ден 17 жасқа дейін 2 млн бала бар. Аз емес. Сондықтан біз тек ересектердің емес, балалардың да денсаулығын қорғауымыз керек. Шетелде Pfaizerмен балалар егілді. Тәжірибе бар. Қазір бізде де балаларға екпе салу мәселесі қаралып жатыр.