Ақтауда ауа құрамында күкіртсутек екі есе көбейіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда ауа құрамында күкіртсутек екі есе көбейіп кеткен

16.08.2021

Ақтауда ауа құрамында күкіртсутек пен көміртегі тотығының концентрациясы 2 есе көбейіп кеткен. Жағымсыз иіске қатысты тұрғындардан шағым көп болған соң, экологтар тексеру жүргізді. Нәтижесінде ауада күкіртсутектің шамадан тыс жоғары екендігі анықталды. Алайда мамандар қоршаған ортаны ластаған кәсіпорынды дөп басып айта алмай отыр. Өйткені, өндірістік аумақта мекеме көп. Ал, «Казазот» кәсіпорны аумағында аммиактың мөлшері 1,5-2 есе көп болып шықты. Сондықтан мекемеге тексеру жүргізілмек. Еске сала кетейік, «Казазот» мекемесі былтыр да қоршаған ортаны ластағаны үшін 139 млн теңге айыппұл төледі.

Сағдат Хансейітов, облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы: 
Ертеңнен бастап тексеріс жұмыстарын бастаймыз. Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкерлішікке тартылады. Аса ірі көлемде бұзушылық анықталса, онда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы да мүмкін. 

Атырау облысындағы Ресей бағытына қатынайтын автомагистраль жанынан салынған айналма жолға да ненің төгілгені тексерілуде. Бұдан бұрын әлеуметтік желіде жөнделіп жатқан «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» бағытындағы жолдың айналма бөлігіне мұнай төгілгені туралы бейнежазба тараған еді. Исатай ауылының маңында түсірілген. Осыған байланысты облыстық экология департаментінің мамандары тексеруді бастады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу