Ал, елдегі эпидахуал әлі де күрделі. Қазір 16 өңір қауіпті деңгейде тұр. Тек Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта. Сондықтан, республика бойынша жағдай тұрақталды деуге келмейді.
Өткен тәулікте вирус жұқтырғандар саны ептеп азайды. Яғни, кеше 6 869 адам індетке шалдықты. Ал вирустық белгілері бар пневмония 53 адамнан анықталды. Бір күнде 19 науқас қайтыс болды. Пневмония жұқтырған 15 адам жазылып шықты. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 6 млн 100 мыңнан асты.