Атырау облысында эпидахуал ушыға түскен соң емханалар науқастарды жоспарлы қабылдауды тоқтатты. Енді өңірдегі 48 медициналық мекеме онлайн режимде қызмет көрсетеді. Ал, емдеу орындарының жанынан ашылған егу пунктері жабылмайды. Демалыссыз жұмыс істейді. Індет күн өткен сайын дендеп барады. Өткен тәуліктің өзінде 562 адамнан ковид анықталды. Инфекциялық стационарларда емделіп жатқандар 2 мыңға жуықтап қалды. 95 науқас реанимацияда жатыр.
Жандос Темірғали