Ипотекасыз баспана сатып алу үшін 128 мыңнан аса адам зейнетақы қорындағы жарнаны пайдаланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ипотекасыз баспана сатып алу үшін 128 мыңнан аса адам зейнетақы қорындағы жарнаны пайдаланған

17.08.2021

Ипотекасыз баспана сатып алу үшін 128 мыңнан аса адам зейнетақы қорындағы жарнаны пайдаланған. Отбасы банкі өкілдерінің мәліметінше, жалпы тұрғын үй жағдайын жақсартып, емделуге 240 мыңға жуық азамат қордағы қаражатын жұмсаған. Оның ішінде 40 мыңнан аса тұрғын банк алдындағы қарызын өтеу үшін, 6 мыңнан аса адам пәтердің бастапқы жарнасына пайдаланды. Мамандар бүгінгі күні зейнетақы қорынан ақша алуға өтініш ақпан-сәуір айларына қарағанда біраз азайғанын айтады. Көбінесе қазір ем-дом алушы тұрғындарға ғана ай сайын қордан қаражат аударылады. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу