Жамбыл облысында осы аптада ауру жұқтыру көрсеткіші біршама төмендеді. Қазір облыс ауруханаларындағы төсек орындардың 53 пайызы босаған. Бүгін 35 адам кеселден айығып шықты. Ал, өткен аптада Тараздағы көпбейінді жұқпалы аурулар ауруханасы 62 пайызға толған болатын. Осы өңірдегі тілшіміз Сәбит Әлдебай мән-жайды білді.
Тараздағы көпбейінді жұқпалы аурулар ауруханасында қазір 2 мыңнан астам адам емделіп жатыр.Жансақтау бөлімінде жатқандардың дені 46 мен 65 жас аралығындағы науқастар.
Сәбит Әлдебай, тілші:Ал, күн сайын ковидтен емделіп шығып жатқан жүздей адам осындай оңалту орталықтарына жөнелтіледі. Жыл басынан бері осы орталықтан екі мыңдай адам аурудан құлан таза айығып шықты.
Ковидтен енді ғана тәуір болғандарға алдымен денсаулықты нығайтып алу қажет. Бірден вакцина салдыруға болмайды, дейді мамандар.
Жалпы аймақтағы инфекциялық ауруханаға түсіп жатқан науқастардың саны өткен аптаға қарағанда біршама азайған. Қазір облыс бойынша жоспарланған төсек орындарының 57 пайызы босаған. Мұның өзі емдеу шаралары мен екпе алудың нәтижесі, дейді жауаптылар.
Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:Соңғы үш-төрт күнде байқап отырмыз, стационарға жүгінетіндердің саны бірте бірте азайып келе жатыр, дәрі-дәрмектерден проблема жоқ, барлық дәрілер бар.
Жалпы өңірде вирусқа қарсы екпені 318 мыңнан астам адам алған. Жыл соңына дейін 582 000 адамды екпемен қамту жоспарланып отыр.
Сәбит Әлдебай