Шығыс қазақстандық тәртіп сақшылары ғаламторға мониторинг жүргізу кезінде порнографиялық сипаттағы 70 бейнероликті анықтады. Бір апта ішінде 12 интернет қылмыс әшкереленді. Алаяқтық деректер түрлі мессенджерлерде кездеседі. Осы ретте мамандар тұрғындарды ғаламторды пайдаланған кезде барынша сақ болуға шақырады.