Тұрғын үй коммуналдық қызметіндегі жөндеу жұмыстарына 1 трлн теңге жұмсалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үй коммуналдық қызметіндегі жөндеу жұмыстарына 1 трлн теңге жұмсалмақ

18.08.2021

Тұрғын үй коммуналдық қызметіндегі жөндеу жұмыстарына 1 трлн теңгеге жуық ақша жұмсалмақ. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері осылай деп мәлімдеді. Ескірген құрылғыларды жөндеп, жаңартуға арналған инвестициялық бағдарлама 2025 жылға дейін бекітілген. Мамандар қомақты қаржы жылу, жарық, сумен қамту және газ тарту қызметіндегі түрлі апатты 11%-ке азайтады дейді.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу