Маңғыстау облысында провизорлық орталықтар 88 пайыз толған. Ал жыл басынан бері коронавирустан 306 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 9 адам көз жұмған. 56 науқастың жағдайы өте ауыр. Ал, вакциналау бойынша өңір көш соңында тұр. Коронавирусқа қарсы егілуі тиіс 351 мың адамның 127 мыңнан астамы ғана вакцина салдырған. Бұл 36 пайызды құрайды.
Аягөз Оралбайқызы