Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Биыл екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық серпіні артқан. Қазіргі динамика сақталған жағдайда, өзара сауда көлемі $23 млрд-тан асуы мүмкін. Кездесу барысында екі ел арасындағы байланысты бекемдейтін бірқатар келісімдерге қол қойылды.
Оңғар Алпысбайұлы