Елімізде 200 мыңнан аса көлік утилизацияға өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 200 мыңнан аса көлік утилизацияға өткізілді

19.08.2021

Тұрғындар 200 мыңнан аса ескі көлікті утилизацияға өткізген. Әсіресе Шымкент, Алматы мен Тараз қаласының тұрғындары. Ал биыл 25 мыңнан аса жеңіл автомобиль мен 9200 жолаушы және жүк көліктері қайта өңдеуге тапсырылған. Жеңілдік сертификаты бағдарламасы бойынша 2300-ден аса ауыл шаруашылығы техникасы утилизацияға жіберілді. Бұдан тұрғындарға 28 млрд теңге төленген. Айта кетейік, былтыр техниканы қайта өңдеуге өткізген азаматтарға берілетін төлемақы біраз артқан еді.   

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу