Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

19.08.2021

Мемлекет басшысы  Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовтің аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдады. Экономиканы одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Білім беру нысандарын дәстүрлі форматқа көшіруге дайындық жұмыстары да айтылды. Облыста күніне 10 мыңдай адамға екпе салынады. Президент әлеуметтік міндеттемелерді орындаудың маңызына тоқталып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үздіксіз көмек көрсетуді тапсырды. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу