Ауғанстандағы саяси жағдай отандық ұн мен бидай экспортының көлеміне әсер етуі мүмкін. Қазақстан астық өндірушілер одағының Президенті Евгений Ганның айтуынша, елдегі ұн экспортының 60%-і Ауғанстан нарығына кіреді. Жарты жылда бұл елге Қазақстаннан 655 мың тоннадан аса ұн экспортталғанын еске салайық. АҚШ Ауғанстан үкіметінің Америкадағы есепшотында сақталған 9,4 млрд долларды бұғаттағаны туралы ақпарат тарады. Отандық ұн тасымалдаушылардың Ауғанстандағы серіктестері сыртқы саудаға қатысты әзірге есеп айырыса алмайтынын жеткізген. Алайда, астық өндірушілер одағының өкілдері сауда мәселесін уақытша құбылыс деп отыр.
Евгений Ган, Қазақстан астық өндірушілер одағының президенті:Ауғанстан қазір ішкі нарығын астықпен қамту мәселесін көтеріп жатқаны туралы ақпарат бар. Демек билік бұл мәселенің өзекті екенін түсініп отыр. Сондықтан арадағы сауда айналымындағы мәселе уақытша деп есептеймін.
Ақерке Бектас