Елдегі эпидахуал әлі де күрделі. Қазір 16 өңір "қызыл" аймақта тұр. Тек Түркістан облысы ғана "жасыл" аймақта.
Өткен тәулікте 7 348 адамнан коронавирус белгілері анықталды. 551 науқастың жағдайы ауыр. 5 886 адам індеттен жазылып шықты. Вирустық белгілері бар пневмония 339 адамнан анықталды. Бір күнде 45 науқас қайтыс болды. 131 емделуші жазылды. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 6 млн 229 мыңнан асты.