СІМ: Қандастарды елге көшіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ: Қандастарды елге көшіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр

20.08.2021

БҰҰ өкілдері Ауғанстандағы қызметкерлерін көшіру үшін неліктен Алматы қаласы таңдалғанын айтты. Біріншіден Алматы Кабулден қатты алыс емес. Бірақ қауіпсіз қашықтықта орналасқан. Екіншіден Әлемнің кез келген қаласына еш қиындықсыз ұшып кетуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Әлемдік аренадағы Қазақстанның абыройы, тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуда істеп жатқан ауқымды істері де ескерілді деді халықаралық ұйымның өкілдері баспасөз мәслихаты кезінде. Қазір UNAMA-ның 18 агенттігінің қызметкерлері Қазақстанда. Олар шамамен жарты жылдай біздің елде отырып, қашықтан жұмыс істейді. Ал, сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда тұрып жатқан қандастардың қауіпсіздігі мен оларды елге әкелу бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы айтты.

Қазір Ауғанстандағы Қазақстанның елшілігі жұмысын тоқтатқан жоқ. Талибандықтар Кабулды басып алған кезде біздің елші сыртқа шығып, олардың өкілдерімен сөйлескен, Қазақстанның елшісі екенін айтқан. Ал тәлібтер ештеңеден қорықпаңыздар, бұрынғыша жұмыс істей беріңіздер. Енді сіздерді біз күзетеміз, - деген. Әзірге талибандықтармен байланысымыз осы деңгейде ғана деді Сыртқы істер министрлігінің өкілдері.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу