Елде кен орындары ортайып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде кен орындары ортайып барады

20.08.2021

Ал жалпы көрсеткішті төмен түсірмей тұрған тек Қашағандағы мұнай қоры ғана. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, проблеманы шешу үшін жаңа учаскелерді тезірек тауып, оған жеке инвесторларды тарту керек. Себебі жаңа кен орнын ашқан соң, оны іске қосуға кемінде 10-15 жыл керегін айтады. Министрліктің мәліметінше, елде 8 мыңнан аса кен орны тіркелген. Ал 317 мұнай кен орнындағы шикізат қоры 4,4 млрд тоннаға жетеді. Басым бөлігі Атырау мен Маңғыстау облыстарында жатыр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу