Ең терең ұңғыманы салу жұмысы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең терең ұңғыманы салу жұмысы жалғасып жатыр

20.08.2021

Елде тереңдігі 15 шақырымға жететін ұңғыманы салу жұмысы қайта қолға алынды. Каспий маңы ойпатындағы «Еуразия» жобасы үш кезеңге бөлінген. Бұрғылаудың алғашқы сатысы мемлекеттік бюджет есебінен іске асса, одан кейінгі жұмыстарға жеке инвесторларды тарту жоспарланып отыр. 2017 жылы бұл жобаның 500 млн долларға бағаланғанын еске салайық. Көмірсутек қоры 40-60 млрд тоннаға жетуі мүмкін. Бұған дейін жауаптылар жобаның 2025 жылға дейін іске асатынын айтқан.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу