Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

23.08.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты. Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдын-алу маңызды екендігін атап өтті. Ұйымның шұғыл әрекет етуіне бағытталған бірқатар ұсынысын да жеткізді. Онлайн отырыс барысында Ауғанстандағы жағдай мен одақтас елдердің қауіпсіздігіне тигізер әсері талқыланды. Терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткі саудасы, заңсыз көші-қон, босқындардың жаппай қозғалысы мен аймаққа деструктивті элементтердің енуі секілді жәйттерді кешенді түрде қарастыру керек. Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселелерге назар аударды. Президенттер енді 16 қыркүйек күні Душанбе қаласында офлайн жиында кездеседі. Онда Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді деп жоспарланған. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу