Премьер-министр кәсіпкерлік мәселелер бойынша отырыс өткізді. «Бастау Бизнес» жобасының түлектеріне несие беру үшін 15 микроқаржы ұйымы құрылған. 15 шілдеден бастап бір жарым мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылып, 797 жоба бойынша өтінімдер қабылданды. Ал «бизнестің жол картасы» аясында қаңтар-шілде айларында 408 млрд теңгеге 14 мың жоба субсидияланды. «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық жоба мақұлданған. Асқар Мамин бөлінген қаражатты жоба авторларына тиімді әрі қысқа мерзімде жеткізуді тапсырды. Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысушылар саны 111 мыңнан асқан. Үкімет басшысы «Ashyqқа» қатысушы бизнес өкілдеріне демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беруді ұсынды.
Ақниет Балтанова