Алматы облысындағы Жалғызағаш ауылының тұрғындары түгел екпе алды. Елді мекенде вакцина жасауға жарамды 1280 тұрғын болса, олардың 250-і денсаулығына байланысты медициналық анықтама алған. Ал қалған 1030 тұрғын екпенің бірінші компонентін салдырған. Ай соңына дейін жалғызағаштықтар екпенің екінші кезеңін алмақ. Жалпы Ескелді ауданында 34 мың тұрғынның 53 пайызы екпе салдырып үлгерді.
Нұрғали Қазыбеков, Жалғызағаш ауылының тұрғыны:Вакцина алмасақ аурудың көбеюі, үйге тарату, ауыл ішінде тарату болмауы үшін үгіт насихат жүргізіп ауыл тұрғындары 100 пайыздай, түгелдей вакцина алып болды деуге болады.