Салмағы 1 келіге жуық қауіпті зат қала тұрғынының бақшасында көміліп жатқан. «Қару» жедел алдын алу шаралары кезінде Үлбі полиция бөлімінің жедел уәкілдері жарылғыш затты қазып алып, Қостанай қаласына сараптамаға жіберді.
Сараптама қорытындысы оң болса, үй иесі жарылғыш затты заңсыз сақтағаны үшін заң алдында жауап береді. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Ғалымбек Тұрысбеков, Үлбі полиция бөлімінің бастығы:
Жеке үйдің ауласынан жарылғыш зат алынды. Үй иесінің айтуынша, ол заттарды осыдан бір жыл бұрын оған Шемонаиха кентінен бір танысы алып келген.
Берік КӨШЕРБАЙ