Шаруалар банктегі несие тарихын жыл сайын жаңартуды сұрап отыр. Кәсіпкерлер бұл 5 жылды күтпей екінші деңгейлі банктерден қайта несие алуға мүмкіндік беретінін айтады. Климаттың нашарлауынан ауыл шаруашылығымен айналысатындар көбі шығынға батып, кредитін уақытында қайтармаған соң банктің қара тізіміне кірген. Қарызын толық өтегенімен қазір оларға қайта несие берілмейді. Мәжіліс депутаттарымен кездескен шаруалар кәсіпті жалғастыруға қаржылық проблема кедергі екенін жеткізді. Мәселені несие тарихын жаңарту арқылы шешуді сұрап, ұсыныс айтты.
Ақерке Бектас