Елде қоғамдық тамақтану орындарының 15%-і банкротқа ұшыраған. Осы саладағы қауымдастық өкілдерінің айтуынша, қазір 35 мыңнан аса тамақтану нысаны жабық тұр. Жұмыс уақыты шектелген соң, тамақтану орындары тағамды тек жеткізіп береді. Бизнес сауда айналымының 70%-ын жоғалтқан. Вероника Нұрпейісованың айтуынша, өңірлерде кәсіпкерлердің әрқайсысында шамамен 8 млн теңге қарыз бар. Банкке қайтарылмаған кредит 2 трлн теңгеден асады. Қарыздың 30% қоғамдық тамақтану нысаны иелерінің берешегі. Қауымдастық өкілі кәсіпкерлердің 80%-і ғимаратты жалға алатынын атап өтті. Қазір салада 500 мыңдай адам жұмыссыз қалған.
Ақерке Бектас