Астана халықаралық қаржы орталығында Катар банкі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана халықаралық қаржы орталығында Катар банкі ашылады

24.08.2021

Астана халықаралық қаржы орталығында Катар банкі ашылады. Бұл туралы Қазақстан – Катар іскерлік кеңесінің отырысында белгілі болды. Қазіргі таңда елде катарлық капиталдың қатысуымен 125 млн долларға 3 жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі қаржы орталығындағы тәуелсіз банк. Сонымен бірге Алматы облысында перинаталдық орталықтың құрылысы жүруде. Тараптар бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, жүк-жолаушыларды әуе тасымалы, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде ортақ жобаларды қолға алмақ.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу