Карантиндік шаралар жеңілдетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиндік шаралар жеңілдетіледі

25.08.2021

Елде карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды. 28-тамыздан бастап «Ашыққа» қосылған барлық бизнес нысандарының жұмысы демалыс күндері 24:00-ге дейін ұзартылады. Келушілер түгел «жасыл» мәртебелі болса, нысандардың түнгі екіге дейін жұмыс істеуіне рұқсат. Ал, 30-тамыздан бастап кәсіпкерлік нысандар жұмыс күндері де, осы уақытпен келушілерге қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, сенбі күні қоғамдық көліктер жүреді. Алайда, Алматыдағы эпид-ахауалға байланысты жеңілдіктер шаһарға тек, 4-қыркүйектен бастан енгізілмек. Жиында жаңа оқу жылына әзірлік те пысықталды. Ералы Тоғжанов, ұстаздарды вакциналауды аяқтап, білім ошақтарының толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Армангүл Тоқтамұрат


Хабарламаларға жазылу