Отандық вакцина өндіру ісін жетілдіру қажет. Коронавируспен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері осылай дейді. Жамбыл облысы Отар елді мекенінде орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу инстутытына барған штаб мүшелері екпе шығару өндірісімен танысты. Мекеме базасындағы «ОтарБиоФарм» зауыты қыркүйектен бастап жыл соңына дейін QazVac вакцинасының 2 млн дозасын шығаруды жоспарлап отыр. Штаб өкілдері аймақтарды аралап, халық арасында екпе алуды насихаттап жүр. Белсенділер індетті жеңудің жалғыз жолы – дер кезінде вакцина алу деп отыр.
Дарын Сағитов