Президент Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын таныстырды

25.08.2021

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің басшылық құрамына байланысты жиын өткізді. Онда күзет қызметінің жаңадан тағайындалған басшысы Ермек Сағымбаевты таныстырды. Жиын барысында Мемлекеттік күзет қызметінің орасан жауапкершілік жүктелетініне айырықша тоқталды. Барша қызметкерлерден, әсіресе басшылықтан ерекше білім мен біліктілік талап етілетінін де айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сағымбаев Ермек Алдабергенұлы менің жарлығыммен ҚР мемлекеттік күзет қызметің бастығы лауазымына тағайындалды. Осы ұжымнан шыққан қызметкер. Тәжірибесі мол, білімі де бар. Сондықтан бұл өте күрделі, жауапты қызмет. Қолынан келеді деп сенемін. 

Президент кадрлық әлеуетті арттыру мәселесіне де назар аударды. Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлері өздеріне жүктелген қызметке адал және нағыз патриоттар болуы керек. Мемлекет басшысы кадр саясатында дәл осы ұстанымдарды әрдайым басшылыққа алу қажеттігін айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жаңа орынбасары Батырбек Байбосыновты да таныстырды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу