БҚО-да бір аптада коронавирустан 21 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да бір аптада коронавирустан 21 адам қайтыс болды

26.08.2021

 Батыс Қазақстан облысында бір аптада короновирустан 21 адам қайтыс болды. Өңір халыққа екпе салу бойынша республикада ең соңғылардың бірі боп 16-шы орында тұр. Оралдың өзінде халықтың тек 43 пайызы екпенің екі дозасын алған. Ал 10 ауданда тұрғындардың 80%-ы вакцина салдырғанымен, Қаратөбе мен Сырым аудандарында бұл көрсеткіш өте төмен. Бұған алаңдаған «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшелері ел-жұртпен кездесіп, COVID-19 жайлы, екпе алудың маңызы хақында дәйекті ақпарат берді.

Рахым Ошақбаев, «Ел үшін егілемін» коронавирусқа қарсы күрес азаматтық штабының мүшесі: 
Қазір елімізде жағдай ауыр. Біз әлемде короновирустан өлім көрсеткіші бойынша ондыққа кірдік. Күн сайын біз мыңға жу ық адамнан айырылып қап жатырмыз. Яғни пандемияның ушыққан кезі өткен жыл емес, қазір боп жатыр. Бұл дағдарыстан шығудың ғылыми дәлелденген жалғыз жолы - екпе алу. Біз дамыған елдердегідей 70-80 %-ға жетуіміз керек.

 Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу