Ресейдің Свердловск облысында орман өрті қаулап, аймақтағы негізгі қалаларға жақындап қалды. Жалпы алғанда, өңірде қазір 50-ден астам от ошағы анықталып отыр. Осыған байланысты Екатеринбург қаласын қою түтін басқан.
Зерттеушілердің ойынша, Ресейде кейінгі жылдары өрт маусымдарының жойқын болуына климаттың жылынуына байланысты ауа температурасының ерекше көтерілуі себепші.
АҚШ-тың Калифорния штатының солтүстігінде де осындай табиғи апат талай адамды көшуге мәжбүрлеп отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, мұнда 400 мың гектардан астам аумақ күлге айналған. Ал, Сан-Бернардино округінде кеше басталған өрт 200 мың гектардай жасыл желекті жалмап, көп үйді жойды. Қазір лапылдаған жалынды сөндіруге ұшақтар да тартылып жатыр.
Арыстан Рысбек