Президенттің таңдамалы еңбектері кітап болып басылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің таңдамалы еңбектері кітап болып басылды

26.08.2021

«Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасы Президентінің таңдамалы еңбектері» кітабы таныстырылды. Мемлекет басшысының мақала, сұхбаттары, халыққа Жолдауларының мәтіні жинақталған. Шараға құқық қорғау саласының сарапшылары, қазақстандық және шетелдік ғалымдар онлайн форматта қатысты. Саяси жүйенің «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделгені және сол тұжырымның 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциямен үйлесімі туралы айтылды. Кітап бизнес жоба емес, сатуға да арналмаған. Ол ғылыми институттар мен білім беру мекемелерінің кітапханаларына беріледі.          

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу