Жамбыл облысындағы жарылыс: Тоқаев қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы жарылыс: Тоқаев қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

27.08.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді.

«Жамбыл облысына қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері, ішкі істер министрінің орынбасары ұшып кетті. Жақын маңдағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Облыстық ТЖ Департаментінің 30-ға жуық қызметкері мен әскери қызметшілер жарақат алды», - деп жазды Президент Twitter-де.

Оның айтуынша, өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істейді. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ, бөлімшелері жұмылдырылды. Сондай-ақ, теміржол қатынасы уақытша тоқтатылған.


Хабарламаларға жазылу