Жарылыс болған аймақта өрт қарқыны төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарылыс болған аймақта өрт қарқыны төмендеген

27.08.2021

Жарылыс болған аймақта өрт қарқыны төмендеген. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы ахуал ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы бақыланып отыр. Сондай-ақ қорғаныс және төтенше жағдайлар министрі және Жамбыл облысының әкімі зардап шеккендер түскен емдеу мекемелеріне барды. Медициналық көмек көрсету үшін Тараз гарнизонының әскери госпиталі жұмылдырылды. Барлық керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін қажетті тапсырмалар берілді. Тараз горнизонында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен әскери қызметшілерге, азаматтық персоналға және олардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету және оңалту тобы құрылды.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу