Жарылыстан зардап шеккендер арасында балалар жоқ - БҒМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарылыстан зардап шеккендер арасында балалар жоқ - БҒМ

27.08.2021

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендер арасында балалар жоқ. Ал эвакуацияланғандар арасында 83 бала бар. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Жеткіншектер Тараз қаласына, Сарыкемер мен Кеңес ауылдарына эвакуацияланды. Балаларға қажетті жағдайлар жасалған, олар ыстық тамақпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ұйықтайтын орындар карантин талаптарын ескере отырып жабдықталды, - дейді ведомство өкілдері.

Министрлік қазір ата-аналарға балаларын «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберуді ұсынып отыр.

Айта кетейік, балаларға жедел көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін Білім және ғылым министрлігі шұғыл түрде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел «Бала қорғау» Telegram чатын ұйымдастырды. Телефон номерлері: 8 702 564 2168, 8 701 210 0238, 8 7172 742528.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу